8 Наурызға арналған ашық сабақ: Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2-курс қазақ бөлімінің 6В11103-РДГБ мамандығының студенттері мен кураторы Әсіпова Ж.М. қатысуымен гендерлік теңдік тақырыбына арналған ТДМ-4 және ТДМ-5 аясында ашық сабақ өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы гендерлік тепе-теңдік, ерлер мен әйелдердің құқықтары және олардың түрлі салалардағы рөлдері туралы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Сабақ барысында қатысушылар тең құқық үшін күрестің тарихи жолын қарастырып, саясат, ғылым, мәдениет және бизнес салаларында жетістікке жеткен әйелдердің үлгілерін зерттеді. Сонымен қатар, қоғамның гендерлік теңдікке жету жолындағы негізгі қиындықтары талқыланды.
Әсіресе, гендерлік стереотиптер, дискриминация және барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығы ерекше назарға алынды. Интерактивті пікірталастар, топтық жұмыстар мен шынайы жағдайларды талдау қатысушыларға осы мәселенің маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті.
Сабақтың соңында әрбір адамның әділетті қоғам құруға қалай үлес қоса алатыны туралы пікір алмасу өтті. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, аудиторияның белсенділігі мен қызығушылығын тудырды.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары және теңдік идеясын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!
Басқа жаңалықтар

