“Тауарларды және көлік құралдарын кедендік рәсімдеу” тақырыбында ашық сабақ
.png)
2025 жылдың 26 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 302-топ стіденттері мен жетекші эдвайзері Қонысбай Бақытгүлмен “Тауарларды және көлік құралдарын кедендік рәсімдеу” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Бұл ашық сабақтың мақсаты – студенттерге тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу процесін түсіндіру, оның маңыздылығы мен құқықтық негіздерін қарастыру. Сабақ барысында кедендік рәсімдеу тәртібі, қажетті құжаттар, декларациялау процесі және заңнамалық талаптар жан-жақты талданады. Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, студенттердің кедендік рәсімдерге байланысты кәсіби құзыреттілігін арттыру көзделеді. Сонымен қатар, сабақ барысында кедендік рәсімдеу кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істеу, нақты жағдайларды талдау және оларды шешу дағдылары қалыптастырылады. Оқу процесі интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, студенттер тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің негізгі қағидаларын меңгеріп, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға қажетті білім мен дағдыларға ие болады.
Сабаққа қатысқандар: кафедра меңгерушісі Куаналиева Г.А , орынбасарлары Куандыкова Э.С , Рашева Г.К
Басқа жаңалықтар

