«Қадам» студенттік клубында шығыстанушылық дәріс өтті

2025 жылдың 7 наурыз күні Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан «Q-adam» студенттік клубының арнайы шақыртуымен дәріс оқып қайтты. «Q-adam» философиялық жастар танымдық клубының ашылғанына көп бола қойған жоқ. Философия және политология факультетінің жанынан ашылған клуб аз ғана уақыттың ішінде тез танылып, көптеген ғибратты шаралар ұйымдастырып үлгерді. «Шығысты оқы, таңырқа!» деген атпен өткен дәріс университетіміздің Фараби кітапханасында өтті. Дәріс барысында шығыстану мамандығының шығу тарихы, бүгінгі жағдайы мен болашағы және факультетіміздің тарихы туралы кеңінен айтылды. Алматы қаласының оқу орындары мен университетіміздің түрлі факультеттерінен келген жастардың қызығушылығы зор болды. Дәріс соңынан көп сұрақ қойылды. Ержан Әбдірайымұлы қойылған сұрақтарға жан-жақты да тыңғылықты жауап берді.
Басқа жаңалықтар

