МАРҒАСҚА ЖЫРАУ ТҰСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАҒДАЙFarabi University

МАРҒАСҚА ЖЫРАУ ТҰСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАҒДАЙ

4 наурыз, 2025

ТДМ «Сапалы білім аясында» 2025 жылдың 7 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті, Филология факультеті, Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының профессор м.а., ф.ғ.к. Б.С. Сарбасов «6В02305 - Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттеріне «Марғасқа жырау тұсындағы тарихи жағдай» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Марғасқа  жыраудың толғауларына тереңірек тоқталу, оның жыраулық дәстүрдегі орнын анықтау. Марғасқа толғауларының мәні мен маңызын саралау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Жырау шығармаларының тарихи әдеби және тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Дөңгелек үстел сайыс түрінде өткізілді. «Бейге», «Дода», «Бейне сұрақ», Кім тапқыр «Random map және SWOT әдісімен талдау» атты төрт кезеңнен тұратын сайыс кезінде студенттер  Әлкей Марғұлан мен Мұхтар Әуезов зерттеулері бойынша дайындалған түрлі тапсырмаларды орындады.

Бірінші кезеңде өткен тақырыптар бойынша жыраулар толғауларынан үзінді беріледі соны қай жыраудың толғауы екенін жылдам табу тапсырмасы берілді. Екінші кезең «Дода» кезеңінде экранда көрсетілетін Wordwall платформасында ұяшық таңдау арқылы Марғасқа жырау мұрасы бойынша дайындалды. Үшінші кезең «Бейне сұрақ» кезеңінде ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ көмегімен сауалдар жолдады. Бейне сұрақ барысында білім алушыларға Марғасқа жырау шығармашылығы  бойынша  ұсынған сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы өзекті мәселелерді қамтиды.

Шара барысында  Марғасқа жырау шығармашылығының ХІХ-ХХ ғасырлардағы басылымы жайлы зерттеушілер еңбектеріне терең тоқталды. Жыраулар мұрасын ХІV-ХV ғасырлардағы саяси жағдай және   қоғамдық-әлеуметтік тарихи жағдай аясында қарастыра отырып, оның негізгі даму бағыттарын, көркемдік табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін саралады.

Дөңгелек үстелдің мазмұнды, мағыналы, қызықты өтуіне  «8D02304-Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттары Г.М. Мужигова мен А.А.Айдарбекова  зор үлес қосты.