Гендерлік теңдік пен әйелдердің ішкі күшіFarabi University

Гендерлік теңдік пен әйелдердің ішкі күші

7 наурыз, 2025

Бүгін «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында @psychology.institute-пен бірлесе отырып, 2-курс студенттеріне маңызды және терең дәріс өткізілді. Дәріс Тұрақты даму мақсаттарының №5 бағыты аясында гендерлік теңдік пен әйелдердің ішкі күші тақырыбына арналды.

✨ Нені талқыладық?
💬 Өзіндік құндылық пен маңыздылық – абьюзді қалай тану және өз шекараңды қорғау.
💬 Зорлық-зомбылық – өзіңді қалай қорғауға болады және көмек қайдан іздеу керек.
💬 Ресурс – кездесуді ішкі балаңмен байланыс орнатуға арналған медитациямен аяқтадық, қатысушылар өз ішкі тірегін сезінуге мүмкіндік алды.

💡 Кездесу шынайы эмоциялар мен маңызды түсініктерге толы болды. Келгендердің барлығына алғысымызды білдіреміз! Бұл дәріс сіздің ішкі бостандығыңыз бен сенімділігіңізге жасалған қадам болсын.