- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіподақтар – қызметкерлердің құқықтарын қорғау, олардың лайықты тұрмыс сапасы мен еңбек жағдайын қамтамасыз етуде аса маңызды заманауи қоғамдық институттардың бірі
Кәсіподақтар – қызметкерлердің құқықтарын қорғау, олардың лайықты тұрмыс сапасы мен еңбек жағдайын қамтамасыз етуде аса маңызды заманауи қоғамдық институттардың бірі
.jpeg)
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Балхаш аудандық емхана және аудандық аудандық аурухана, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерімен Алматы облыстық “SENIM” кәсіподақтар бірлестігі Филиалының төрағасы Т.Қуанов, заңгері, хатшысы Баймагамбетов К.К., PhD, құқық докторы, «Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ» заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті Д.Рысқалиев кездесу өткізіп, қызметкерлерді толғандырып жүрген түрлі аспектідегі еңбек, әлеуметтік-экономикалық сұрақтарына жауап берді, еңбек заңнамасын, кәсіптік одақтың уәкілеттілігі, оның қызметі жөнінде баяндамалар жасады.
Аталмыш кәсіптік одақтар филиалының төрағасы Қуанов Т.О. заң факультеті, кафедра деңгейінде өткізілетін ауқымды іс-шараларға үнемі қатысады, жұмыс беруші ретінде кафедра деңгейінде “Еңбек құқығы, әлеуметтік-қамтамасыздандыру қатынастары” Оқу бағдарламасының дайындалуына қатысты. Осы Оқу бағдарламасы 2024 жылдың 19 тамызында министірлік деңгейінде тіркеуден өткізіліп бекітілді, оқыту нәтижесінің ауқымдылық коэффиценті 77,48% құрады.
Балхаш аудандық емхана ұжымының жиналысында кәсіпорын қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Айгерим Едикқызы ұжым деңгейінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпаратпен бөлісті.
Д.У. Рыскалиев өз баяндамасында келесідей мәселелерге тоқталды: Кәсіподақтар – қызметкерлердің құқықтарын қорғау, олардың лайықты тұрмыс сапасы мен еңбек жағдайын қамтамасыз етуде аса маңызды заманауи қоғамдық институттардың бірі екендігі баршамызға мәлім. Тәжірибеде жиі талқылауға алынатын мәселелердің бірі-әркімнің Конституциямен, түрлі деңгейдегі заңнамалық актілермен айқындалған ақпарат алу, еңбек жағдайларымен алдын ала танысу құқығы міндетті түрде ескерілуге тиіс, ол жөніндегі құқықтық механизмдер, тәсілдер ұйым деңгейінде жұмыс берушінің, кәсіподақтың қатысуымен, қабылданатын актілермен, құжаттармен айқындалуға тиіс. Еңбек құқығының әлеуметтік функциясы тек ғана халықты жұмыспен қамту, қызметкерлердің еңбекгін қорғаумен ғана шектелмейді. Негізгі мәселе өндірістік, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ұйымдар деңгейінде дұрыс реттелуі, рәсімделуі болып табылады.
Ұйымдар деңгейінде актілерді, бұйрықтарды қабылдауда, заңнаманы дұрыс қолдану мәселесі бойынша, қандай құқық нормаларының жариялық тәртіпте, ал қандай сұрақтардың ұжымдық, жекелік тәртіпте реттелетіндігін дұрыс айқындау қажет. Осы тұжырым, халықаралық стандарттарға сәйкес, еңбек құқығының мақсаты, міндеттерінен бастау алады. Негізгі талаптардың бірі - қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарға сай еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуі, олардың еңбек үдерісінде кешенді әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен игіліктерін қамтамасыз ету. Осы аспектіде еңбек жағдайлары, өндірістік орта туралы әркімнің еркін, толық ақпарат алуға деген құқығы жөніндегі талаптар барлық жағдайда сақталуға тиіс. Осы аспектіде қандай ақпараттың коммерциялық, не қызметтік болып танылатындықтарын ажырата білу қажет.
Келесі өзекті мәселелердің бірі- барлық нысандардағы өтініштерді қарау негізінде туындайтын қатынастар Еңбек кодексімен біргелікті, Кәсіпкерлік кодексімен, 2021 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 4 бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес «өтініш - әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға жолданған жеке-дара немесе ұжымдық жазбаша, ауызша түрінде, сондай-ақ, ҚР 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңымен айқындалған талаптарға сай келетін электрондық құжат, бейнеконференция байланысы, бейнеөтініш нысанындағы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Ұлттық пошта операторы, мобильдік қосымшалар және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы түсетін ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу, хабарлау немесе үнқату» түрлеріндегі өтініштердің нысандары айқындалған.
Басқа жаңалықтар

