«ҚАЗҰУ: БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ОРДАСЫ»Farabi University

«ҚАЗҰУ: БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ОРДАСЫ»

11 наурыз, 2025

4-ТДМ «Сапалы білім» аясында 2025 жылдың 11-наурызы күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінде  қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С.Ә. Қалқабаева «Қазіргі қазақ поэзиясындағы жанрлық ерекшеліктер» пәнінің негізінде «ҚАЗҰУ: БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ОРДАСЫ» атты поэзиялық толғаныс кешін өткізді. «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары кешті университетімізге арнаған шабытты жырларымен бастады. 


«Поэзиялық толғаныс» бөлімін журналистика факультетінен келген ОПҚ-ның «Поэзия қағанаты» ақындары кешті білім мен руханияттың, поэзия мен шабыттың тоғысқан сәтіне айналдырды. Филология факультетінің ақын-түлектері де сахна төрінде  білімнің қасиетті қара шаңырағына арнаған өлеңдерін оқиды. 


Сондай-ақ кеш қонағы ретінде шақырылған «Ұлағат ғалым-әжелер тобы» да «ҚазҰУ-ым – ұлағат ұясы» әнін әуелетіп шырқап, білім мен руханият ордасына өз құрметтерін көрсетті. 
Бұл кешке жиналған қауым ҚазҰУ-ға деген махаббатын  жырмен өрнектеп, әнмен мадақтады. Бұл поэзиялық кеш – университетімізге деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісіне айналды.