ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ТОКИО УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЙЫ ШОЛУ ДӘРІСТЕРІFarabi University

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ТОКИО УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЙЫ ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ

7 наурыз, 2025

Қиыр Шығыс кафедрасы жыл сайын шетелдік серіктес университеттерімен дәстүрлі қысқы мектебін өткізеді. Осы жолы 28-ақпанмен 11-наурыз аралығында Токио университеті профессоры Окада Тэруэ студенттерімен жапонтану бөлімінде қонақта болды. Токио Университеті мен Киото Университеті әлемдегі QS World Ranking Top 100-ге кіретін әйгілі және беделді Жоғары Оқу Орындары санатына жатады.

Кафедра оқытушысы Ph.D Ахапов Ерлан Абдиевич Жапонияның Киото Университеті түлегі, Жапония және Қазақстанның Қоршаған орта мәселелері, Тұрақты Даму тәрізді мәселелерін зерттеумен айналысатын жапонтану бөлімінің жетекші маманы. Ол қысқы мектеп аясында Токио Университеті студенттеріне жапон тілінде арнайы шолу дәрістерін оқыды. Дәріс тақырыптары: БҰҰ Тұрақты Даму мақсаттары (UN SDGs), энергия мен қоршаған орта (Қазақстанда АЭС салу) мәселесі, заманауи қалалар мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, қала шеңберіндегі көлік мәлелелері мен инфрақұрылым, Арал өңірі мен соңғы көгалдандыру мәселері және т.б. қамтыды.

Шолу дәрістерінен кейін студенттермен қызу пікір алмасу өткізілді. Профессор Окаданың зертханасы Орталық Азия мен Қазақстанды тереңінен зерттеумен айналысады. Студенттер курстық жұмыстарын Токио университетіндегі профессор Окаданың лекцияларымен және Қазақстандағы далалық зерттеулер – арнайы шолу дәрістерімен толықтырды.