Ұлттық киім дәстүріFarabi University

Ұлттық киім дәстүрі

12 наурыз, 2025

7 наурыз күні «Наурызнама»  аясындағы  ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР күніне арнап, әр жұма күні факультетімізде Ұлттық киім күнін қалыптастырудың ресми ашылу салтанаты өтті. Наурыз айы бойы факультетімізде Ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді дәріптеп,  жастарымызды өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін ояту, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу  мақсатында ұлттық брендімізге айналған – ұлттық киімімізді киюді әдетке айналдыруға ат салысайық. 

Осыған байланысты 01.03.-31.03.2025ж. күндері аралығында Алғыс айту, Көрісу амалы, Жыл басы - Әз-Наурыз мерекелері қарсаңында бір айлық челлендж ұйымдастырылады.
Қатысушылар: профессорлық - оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар мен студенттер
Ұйымдастырушы: азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, аға оқытушы А.А. Урисбаева

Белсенді және тұрақты қатысқан ұстаздар мен топтарға, білім алушыларға сый - сияпат көрсетіледі
Баршаңызды осы үрдісті іске асыруға және ол тұрақты болуына белсенді қатысуға шақырамыз.