«Ақ кеме» спектаклі: рухани әсер мен терең ойFarabi University

«Ақ кеме» спектаклі: рухани әсер мен терең ой

12 наурыз, 2025

2024 жылғы 12 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» трагедиясы негізінде қойылған спектакльді тамашалады.

Бұл қойылым студенттерге терең ой салып, адамгершілік құндылықтардың мәнін түсінуге ықпал етті. Шығарманың басты идеясы – табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік, әділетсіздік пен арманның қайшылығы көрерменді бей-жай қалдырмады. Студенттер спектакль барысында қойылымның режиссерлік шешімдері мен актерлік шеберлігін жоғары бағалады. Театр өнерінің әсерлі күші оларды ойлантып, әдеби шығарманы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Бұл мәдени сапар олардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани байытты.

Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы оқытушылары Рақымбаев А.Ж., Карымхан А.А.