- Басты бет
- Жаңалықтар
- Университетте Иран-Қазақстан ғалымдары бірлесіп жазған кітаптардың тұсаукесері өтті
Университетте Иран-Қазақстан ғалымдары бірлесіп жазған кітаптардың тұсаукесері өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12-наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 19 маусымда Иран Ислам Республикасына барған ресми сапарының қорытындылары бойынша 1.12 тапсырмасына сәйкес жасалған 2023-2025 жылдары екі ел арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің (Екінші ұстаз) мұрасын зерттеуге арналған үш жылдық бірлескен жобалар бойынша дайындалған кітаптардың таныстырылымы өтті. Бұл кітаптар ұлы ғалым әл-Фарабидың ойлары мен еңбектеріндегі идеяларды негізге ала отырып, иран және қазақ халықтары арасындағы бірін-бірі тану деңгейі мен қарым-қатынастар ауқымын кеңейту мақсатын қарастырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Суатай Сәбит Құрманжанұлы таныстырылымға қатысып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының атынан құттықтау сөз сөйледі.
Таныстырылымда Иран Ислам республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сейед Али Моуджани, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасының директоры Хабиболла Малакутифар, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Хошбатени Хосейн, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы, арабтану орталығының директоры Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы, осы жобаға қатысқан университет ғалымдары Иран-Тұран ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей мен «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Зүбайда Шадкам сөз сөйледі. Шараға сондай-ақ университет оқытушылары, докторант, магистрант, студенттер қатысты.
Басқа жаңалықтар

