«Өнер және мәдениет» атты кездесу

2025 жылдың 10 наурызы күні БҰҰ тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттарына сәйкес «Өнер және мәдениет» тақырыбында профессор (ЖАК), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 2013 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері Базарбаева Раушан Еркенқызымен кездесу өткізілді.
Раушан Еркенқызының өнер мен мәдениет саласындағы жетістіктері мен тәжірибесі жастарға үлкен үлгі болып табылады. Кездесу барысында Раушан Еркенқызы өнердің қоғамдағы рөлі, мәдениеттің дамуы, сондай-ақ жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелері туралы өз ойларымен бөлісті. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы серіктестіктің маңыздылығын, білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді және қоғам мәдениетіне әсер ету мәселері талқыланды.
Шара барысында қатысушылар Раушан Еркенқызына сұрақтар қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Бұл кездесу – өнер мен мәдениетке қызығушылық танытатын жастар үшін ерекше мүмкіндік болды. Қатысушылар өнер мен мәдениеттің тереңіне үңіліп, жаңа идеялар мен шабыт алды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: PhD, аға оқытушы С.М.Каупенбаева, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Қ.Ж.Тулакбаева
Басқа жаңалықтар

