«Майдангер Ерлігі – Ұрпаққа өнеге»

2025 жылғы 27 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://farabi.university Философия және саясаттану факультетінде педагогикалық практика аясында «Майдангер Ерлігі – Ұрпаққа өнеге» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатты 1-курс магистранты Кенжеев Омарқожа Охапқожаұлы «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттермен жүргізді. Тәрбие сағат барысында өсіп келе жатқан жастарымызға Ұлы Отан соғысының себептері, негізгі кезеңдері мен тарихи сабақтары талқыланды. Сонымен қатар, Жеңістің қазақ қоғамы үшін маңызы, майдангерлердің ерлігі, соғыс жылдарындағы халықтың бірлігі мен төзімділігі мәселелері кеңінен қарастырылды. Студенттер тарихи деректер мен естеліктер негізінде пікір алмасып, Жеңістің рухани және әлеуметтік құндылықтарына терең үңілді.
« Майдангер Ерлігі – Ұрпаққа өнеге» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаттың соңында мен де өз ойымды қосып, тәрбие сағаттың мазмұны мен маңызын атап өттім. Жас практиканттың алғашқы тәрбие беру жолындағы қадамы мен студенттердің білімге деген ынталары дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларынан жоғары баға алды
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының
профессоры Н.Ж.Байтенова және профессор Қ.М.Борбасова
Дінтану мамандығының 1-курс магистранты О.О.Кенжеев
Басқа жаңалықтар

