
2025 жылғы 19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінде педагогикалық практика аясында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатты 1-курс магистранты Кенжеев Омарқожа Охапқожаұлы «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттермен жүргізді. Тәрбие сағат барысында өсіп келе жатқан жастарымызға және болашақ ұрпақтарымызға білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Еліміздің болашағына байланысты және де білімді адамның қоғамға қосар үлесі жайында қазақ зиялыларының айтқан сөздері талқыланды. Тақырыпқа байланысты студенттер арасында пікіралмасу ұйымдастырылып, әр студент өзінің ғылым және білімді болашақ туралы көзқарастарымен бөлісті.
«Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағаттың соңында мен де өз ойымды қосып, тәрбие сағаттың мазмұны мен маңызын атап өттім. Жас практиканттың алғашқы тәрбие беру жолындағы қадамы мен студенттердің білімге деген ынталары дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушыларынан жоғары баға алды.
дінтану және мәдениеттану кафедрасының
профессоры Н.Ж.Байтенова және профессор Қ.М.Борбасова
Дінтану мамандығының
1-курс маагистранты О.О. Кенжеев
Басқа жаңалықтар

