Ауа ластануы кешенді түрде зерттеледіFarabi University

Ауа ластануы кешенді түрде зерттеледі

13 наурыз, 2025

Қазіргі таңда Қазақ­стан­ның ірі қалалары, оның ішінде Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және т.б. қала­ларда ауа ластануы мәселесі өзекті болып отыр. Экологиялық дағда­рыс­тың нәтижесінде ауаның сапасы айтарлық­тай төмендеуде, бұл халықтың денсаулығына, табиғатқа және жалпы өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді. Ауа ластануын зерттеу және оның алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру үшін кешенді ғылыми зерттеулер қажет. 

Осы орайда, Қазақстанда жаңа ашылған экологиялық зерт­ханалар ауа ластануын ғылыми тұрғыдан зерттеу, оны болжау және шаралар ұсыну бағытында маңызды рөл ат­қарады. Қазақстан қала­ла­ры­ның ішінен Алматыны алсақ, бұл қала ауа­сының ластану жағ­дайы – ма­ңыз­ды эко­лог­ия­лық мәселе. Се­бе­бі қалада тұр­ғындар саны өте көп және мегаполис қарқынды да­муы­мен ерекшеленеді. Қаланың ауасы бірнеше факторлардың әсерінен ластануда. Бірінші – көлік ластауы: Алматы қала­сын­да автомобильдер легі өте көп. Көліктерден шығатын кө­міртегі оксиді, азот оксиді, кө­мір­қышқыл газы мен түтін ауа са­пасын нашарлатады. Көлік қоз­ға­лысының тығыздығы, әсі­ресе, жаз­ғы маусымда, қала ор­та­лы­ғын­да ауа сапасының нашарлауына алып келеді. Екін­шіден, Алматыда құрылыс жұмыстары қарқынды жү­ріп жатыр. Ол да шаң мен газ­дың ауаға таралуына ықпал етеді. Үшіншіден, қаланың көгалдан­ды­ры­луы мен жасыл желектің аз­ды­ғы да бұл мәселені ушық­­ты­рады. Құ­ры­лыс мате­риал­дарының бөл­шек­­те­рі, көгал­дан­дырудың жеткі­лік­­сіздігі ауа­­ның ластануын арт­ты­рады.

«Қысқа қарай Алматыда жы­лыту маусымы басталғанда көмір жағатын қазандықтар мен жылу станциялары ауаға зиян­ды шы­ға­рын­ды жібереді. Қысқы маусымда жылу энер­гиясын өндіру кезінде ауаға бөлінетін көміртегі мен басқа да зиянды газдар ауаның лас­та­нуын арттырады. Алматының кей­бір аудандарында тұрмыс­тық қо­қыс дұрыс жиналмайды немесе дұ­рыс өңделмейді, бұл да ауаның ластануына қосым­ша әсер етеді. Қоқысты қайта өңдеу жүйесінің жетіспеушілігі мен дұрыс таза­лан­баған ау­мақ­тар ауаның сапасын на­шарлатады. Алматы – таулы ай­­мақта орналасқан қала және оның ауа айналымы жергілікті табиғи факторларға байла­ныс­ты күрделі болуы мүмкін. Тау ара­сындағы ауа алмасуы әлсіз бол­ған­дықтан, лас­тану деңгейі жо­ғары болуы ық­ти­мал», – дейді хи­мия және хи­мия­лық тех­нология факультеті де­ка­нының орын­ба­са­ры Лейла Күдреева.

Демек, осы Алматыда ауа­ның лас­тануын азайту үшін жаңа тех­но­логиялар мен эко­ло­гиялық таза шешімдер қа­жет. Сондай-ақ қор­ша­ған ор­та­ға зияны аз қоғамдық көлікті дамытып, жұртшылыққа эко­ло­гиялық білім беруге тиіспіз. Осы түйінді мәселенің шешімін алдымен ғалымдар ұсынуы ке­рек. Былтыр Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің 90 жылдығына орай, «Фараби химия ғылымы» атты заманауи кластер ашыл­ғанын білесіздер. Химия және хи­мия­лық технология фа­куль­­тетінде орналасқан жаңа ғы­лыми объектінің құрамына тоғыз за­манауи зертхана кіреді. Сол зертхананың бірі – Анали­ти­ка­лық химия және қоршаған орта зерт­ха­насы. Бұл зертхананың негізгі міндеті – қоршаған ор­таны лас­тау­шы заттарды тал­дау әдістерін әзір­леу және олар­дың әсерін зерт­теу. Ға­лым­дар жаңа әдістерді әзір­леп, олардың валида­ция­сы­мен айналысады, сондай-ақ су, ауа және топырақты тал­дау бойын­ша эксперименттер жүр­гізеді. Алын­ған мәліметтер ластану көздерін анықтауға және оларды азайту страте­гия­ларын әзірлеуге көмек бе­реді. Зертхана мемле­кет­тік бағдарламаларға белсенді қа­ты­сады және құны 105 млн теңге бо­латын жабдықтармен қам­тыл­ды.

«Осы заманауи зертхана ашыл­ғаннан бері ғалымдар мы­надай нә­тижелерге қол жет­кізгенін мақ­та­нышпен айта ала­­­мыз», – дейді химия ғы­лы­мы­ның кандидаты Лей­ла Қа­дірсізқызы. – 2023 жылы Н.Бай­­матованың жетек­шілігі­мен екі ғылыми жоба және бір ПЦФ бағдарламасы сәтті аяқ­талды. Оның бірі – «Алматы қа­ласының ат­мосфералық ауа­cын мониторлау мақ­сатында органикалық лас­та­ғыштардың орташа өлшенген концен­трациясын анықтау әдісін да­мы­ту», ал екіншісі – «Алматыда ауаның ластануын кешенді ба­ға­лау: оның көзін анықтау, кеңістіктік-уақыттық талдау» жә­не заманауи аналитикалық әдістер мен мо­дель­деу құрал­да­рын пайдалана оты­рып, «Ас­тана және Алматы қа­ла­ла­рын­да ауа сапасын жақсарту жө­­­нін­дегі зерттеу бағдар­ла­ма­сын әзірлеу» жобасы».

Қазір осы зертханада грант­­тық қаржыландырудың бір­неше жоб­а­сы іске асырылу­да. Атап айтар бол­сақ, «Қа­зақ­­стан қалаларында ауа лас­та­нуын кешенді зерттеу: шы­­ға­рындыны түгендеу, көз­де­­рі­нің таралуы және әлеу­меттік-эко­но­микалық сал­да­ры» (же­тек­шісі – доцент Н.Бай­ма­това), Needle Trap құрыл­ғы­сы­на не­гіз­делген ауа­­дағы ұшпа ор­га­никалық қо­сы­лыс­тарды анық­таудың қарапайым және дәл әдісін әзірлеу» (жетекшісі – PhD О.Ибрагимова) және «Жас ға­лым» жобасы бойынша 2025-2027 «Табиғи орталар­да­ғы био­­ген­ді ұшпа органикалық қо­­сы­лыс­тар­ды дина­ми­калық сы­нама алу әді­сімен және бей­органикалық эле­­­менттерді ин­дуктивті-байла­ныс­­қан плазма­лық спек­трометрия әді­сімен анық­тау» (же­текшісі – М.Бек­тасов) жобалары іске асы­ры­луда.

Сондай-ақ профессор Ләй­­­ла Күдрееваның ай­туын­ша, зерт­хана ашылғалы бері А.Ома­рова, О.Ибрагимова және М.Тұрсынбаева филосо­фия докторы дәрежесін алуға арналған диссертацияларын (PhD) сәтті қорғаған. А.Ома­ро­ва «мақалалар сериясы» фор­ма­тында диссертация қорға­ған алғашқы докторант болды. Қазір Аналити­ка­лық химия жә­не қоршаған орта зертха­на­сын­да 3 докторант, 2 ма­гис­трант және 7 бакалавр өз зерт­­­теулерін жүргізуде. Зерт­ха­нада Канада, АҚШ, Түркия, Ресей, Гре­кия және т.б. сияқты әлемнің түрлі ел­дерінен көп­те­ген ғалымдар бір­лесіп жұмыс істейді. Зертхананың зерт­теу тобының мүшелері түрлі ха­лық­­аралық гранттардың иеге­р­­лері. 2024 жылы зертхана мең­­­ге­рушісі Н.Байматова АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Буф­фало универ­си­тетінде та­ғы­лым­дамадан өту үшін Fulbrigth Program гран­тын жеңіп алды. Таяуда Н.Бай­­ма­то­ва «Ерен ең­бегі үшін» төс­белгісінің ие­гері атан­ды. Зерт­хананың ғы­лы­ми қыз­мет­кері А.Омарова да­рын­ды жас ғалым­дар­ға арналған мем­ле­кеттік ғы­лыми стипен­дия­сын жеңіп алды. О.Иб­ра­ги­мова мен М.Тұрсын­баева «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» жо­ба­сының иегерлері болды.

Осы тың жобалар аясында қор­шаған орта объектілерін талдауға, ор­ганикалық және бейорганикалық қосылыс­тар­дың концентрациясын анық­тау­ға мүмкіндік беретін за­ма­науи жабдықтар сатып алынды. Осы зертхана аясында WoS және беделді халықаралық Elsevier бас­пасы шығаратын халықаралық ре­цен­зияланған журналдарда алты ма­қала жарияланды. Жаңа зерт­ха­на­­лар тек ғылыми зерттеу жұ­мыс­­тарымен шектелмей, Қа­зақ­станның экологиялық жағ­дайын жақ­сартуға бағыт­тал­ған нақты іс-шараларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Бо­ла­шақта бұл зерт­ханалардың бө­лім­шелері басқа қалаларда да ашы­лып, экологиялық мониторинг жүйе­­­­сі бүкіл ел бойынша тиімді жұ­мыс істейтін болады.

Сонымен, Қазақстан қала­ла­рын­да ауа ластануын ке­шен­ді зерт­теу мәселелері өте өзекті. Жа­ңа ашылған эколо­гия­лық зерт­ха­на­лар бұл мә­се­лені шешуге ба­ғыт­талған тиім­ді құралдар ұсынып, қала тұр­ғындарының денсаулығы мен табиғаттың сақталуына ықпал етеді. Тек ғылыми зерт­теулер мен экологиялық мо­ниторингті дамыту арқылы ғана біз ауаның ластану дең­гейін төмендетіп, экологиялық жағдайды жақсарта аламыз.

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ