Рекреациялық география және туризм кафедрасы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Алматы технологиялық колледжінде қонақтық лекцияға қатысты.Farabi University

Рекреациялық география және туризм кафедрасы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Алматы технологиялық колледжінде қонақтық лекцияға қатысты.

13 наурыз, 2025

12.03.25 күні Алматы технологиялық колледжінде «Туризм» және «Қонақ үй бизнесі» мамандығы студенттері үшін қонақ дәрісі өткізілді. Бұл шараға Қазақстан Республикасы туризмінің еңбек сіңірген қызметкері, экскурсовод-методист Бахыт Камаловна Оразымбетова, «Хан-Тенгри» халықаралық альпинизм лагерінің директоры Қазбек Шакимұлы Валиев және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Руслан Мұратұлы Байбуриев шақырылды.

Қонақтық кездесу Алматы техникалық колледжінің 50 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Қонақтар Қазақстандағы туризм саласындағы заманауи тенденциялар, экскурсовод пен туристік менеджер мамандығының ерекшеліктері, кәсіби құзыреттері мен артықшылықтары туралы айтты. Туризм саласы қызметкерлерінің күнделікті өмірі жайлы қызықты әрі танымды әңгіме көпшіліктің көңілінен шықты. Қонақ дәрісі аясында университет, жетістіктері мен марапаттары туралы ақпараттық бейнеролик көрсетіліп, колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ: https://youtu.be/PfptVdEyclw?si=i07ybe80gEwzGWyR