«Жастар және лайықты еңбек: Тұрақты дамудың кілті»Farabi University

«Жастар және лайықты еңбек: Тұрақты дамудың кілті»

11 наурыз, 2025

2025 жылғы 11 наурызда сағат 11:00-де Филология факультетінің №17 жатақханасының акт залында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С. 1 курс студенттерімен («6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасы) ашық іс-шара өткізді. Кездесу Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 8-мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбына арналды.

Студенттер оқытушымен бірге өнімді жұмыспен қамту, әділетті еңбек жағдайлары және тұрақты экономикалық өсім мәселелерін талқылап, негізгі аспектілерге тоқталды. Ерекше назар еңбек құқықтарын қорғау, жұмысшыларды қанаудың алдын алу, еңбек нарығындағы тең мүмкіндіктер және кәсіби дамудың маңыздылығы мәселелеріне аударылды.

Іс-шара барысында тақырыптың негізгі аспектілерін көрсететін бейнематериал ұсынылды. Онда ТДМ 8 міндеттері мен лайықты еңбектің экономикалық өсім мен әлеуметтік әл-ауқатқа тигізетін әсері айқын көрсетілді, бұл студенттер арасында белсенді талқылауға себеп болды. Аға оқытушы Оңғарбаева М.С. студенттерге осы мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасауға болатынын түсіндіріп, волонтерлік қызметтің маңыздылығын атап өтті.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Оңғарбаева М.С.