Аударманың экологиялық мәселелерді қабылдауға әсері

"Аударма ісі" мамандығының І курс магистранты Қарабаева Енлік 13.03.2025 күні педагогикалық практика аясында «Аударма ісі» мамандығының І курс студенттеріне 15 ТДМ «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында «Аударманың экологиялық мәселелерді қабылдауға әсері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Т.Е. Пшенина да қатысты.
Шара барысында құрлық экожүйелерін сақтау ғаламдық экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны баса айтылды. Орман деградациясы, шөлейттену, биоалуантүрліліктің жоғалуы және табиғи ресурстарды қорғау шаралары талқыланды. Әсіресе, экологиялық тақырыптағы тілдік аспектілерге ерекше назар аударылды: экологиялық терминологияны, лексиканы талдау, сондай-ақ экологиялық мәтіндерді ғылыми-көпшілік, әдеби және медиа аудармада жеткізу ерекшеліктері қарастырылды. Студенттер аударма бірліктеріне – лексикалық, фразеологиялық және синтаксистік құрылымдарға баса назар аудара отырып, әртүрлі аударма түрлеріндегі экологиялық ақпаратты жеткізудің ерекшеліктерін зерттеді. Негізгі терминдерді, метафоралық тіркестерді және мәдени ерекшеліктері бар ұғымдарды аудару мысалдары қарастырылып, олардың мағынасын дұрыс беру мәселелері талқыланды. Аударманың қоршаған орта мәселелерін қалай қабылдауға әсер ететіні және экологиялық ақпараттың аударма барысында қаншалықты дәл жеткізілуі қажеттігі айтылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенді түрде пікір білдіріп, құрлық экожүйелерін сақтау жолдары туралы білімдерімен бөлісті. Оларға осы тақырып бойынша талқылау жүргізіп, өз ойларын айтуға мүмкіндік берілді. Шара орыс тілінде өткізілді.
Ұйымдастырушылар:
"Аударма ісі" мамандығының І курс магистранты Карабаева Е.С.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Т.Е. Пшенина
Басқа жаңалықтар

