- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында қытай тіліндегі мұнай-газ терминологиясы бойынша семинар өткізілді
Қытайтану кафедрасында қытай тіліндегі мұнай-газ терминологиясы бойынша семинар өткізілді

2025 жылғы 13 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Қазіргі қытай тіліндегі мұнай-газ терминологиясын зерттеудің теориялық негіздері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Қытайтану кафедрасы 8D02209 – «Шығыстану» мамандығы бойынша 1-курс докторанты Рахимбаева Гүлнираның зерттеу жұмысы аясында ұйымдастырды.
Семинарға оқытушылар, докторанттар, магистранттар және ғылыми-техникалық терминологияның дамуына қызығушылық танытқан зерттеушілер қатысты. Қатысушылар Қытайдағы арнайы терминдерді зерттеудің негізгі аспектілерін, олардың құрылымын, қалыптасу тәсілдерін және теориялық талдау әдістерін талқылады.
Докторант Рахимбаева Гүлнира өз зерттеуінің нәтижелерін ұсынып, мұнай-газ терминологиясын зерттеудің заманауи әдістеріне ерекше назар аударды. Баяндама барысында терминдердің лингвистикалық құрылымы, олардың когнитивтік, коммуникативтік және функционалды-семантикалық ерекшеліктері, сондай-ақ салыстырмалы-тарихи талдау аспектілері қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша ғылыми жарияланым дайындау және тақырыпты тереңірек зерттеу үшін қосымша кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Басқа жаңалықтар

