TOO VCA-дағы өндірістік тәжірибе: Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері құнды кәсіби тәжірибе алдыFarabi University

TOO VCA-дағы өндірістік тәжірибе: Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері құнды кәсіби тәжірибе алды

13 наурыз, 2025

ЖШС VCA – бұл жоғары сапалы оңтүстік кореялық азық-түлік өнімдерін Қазақстан нарығына ұсынатын дистрибьюторлық компания. 2005 жылы негізі қаланған  бұл компания  көтерме-бөлшек сауда саласында үлкен тәжірибеге ие.

Қиыр Шығыс кафедрасы он екі жыл бойы VCA компаниясымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Жыл сайын түлектерге өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынад VCA  компаниясында биыл  корейтану бұл компанияда корейтану бөлімі, «шығыстану» мамандығының  9 студенті өндірістік тәжірибелерін аяқтауды.  

Студенттердің пікірінше, бұл тәжірибе оларға халықаралық деңгейдегі серпінді компанияда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, дистрибьюторлық қызметтің ерекшеліктері мен кореялық азық-түлік өнімдерінің нарығындағы маркетингтік стратегияларды зерттеді. Студенттер өндірістік тәжірибе  барысында Қиыр Шығыс кафедрасында алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болғандарын, сондай-ақ іскерлік коммуникация, талдау және клиенттермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіргендерін атап өтті.

Өз кезегінде, VCA компаниясы  кафедрамен ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп, студенттердің жоғары дайындығын атап өтті. Компания өкілдері олардың жауапкершілігін, кәсіби дамуға деген ұмтылысын және Оңтүстік Корея мәдениеті мен бизнесіне деген қызығушылығын жоғары бағалады.