"Тіл мен мәдениетті оқытудың инновациялық тәсілдері" атты дәрістік курстар жалғасудаFarabi University

"Тіл мен мәдениетті оқытудың инновациялық тәсілдері" атты дәрістік курстар жалғасуда

14 наурыз, 2025

ТМД "Сапалы білім беру" және "Тұрақты даму үшін серіктестік" тармақтары аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы  арабтану бөлімінің студенттеріне  дәрістік курстар оқуға ағымдағы жылдың 5-26 наурыз аралығында  шақырылған мысырлық профессор Амани Махмуд Ибраһим кезекті дәрісін өткізді.
Профессор Амани ханым дәрісте білім берудің дәстүрлі және заманауи әдіс-тәсілдерін, бұрынғы мен жаңаның кемшіліктері мен артықшылықтарын салыстыра отырып, студенттерге шет тілін үйретуде тәжірибеден өткен бірқатар инновациялық тәсілдерді ұсынды. Тіл үйретуде когнитивті және коммуникативті әдістерімен қоса, жоспар құру, түрлі тілдік ойындар, жасанды интеллект технологияларын қолдану тиімді әсерін беретінін алға тартып, бірқатар тәжірибелерімен бөлісті.
Дәріске арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы,  студенттері мен магистранттары сондай-ақ,академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Италия, Бангладеш университеттерінен келген бакалавр, магистратура білім алушылары белсене қатысты.