ТДМ №4 - Сапалы білім: Ашық есік күні
13 наурыз, 2025

2025 жылдың 12 наурыз күні журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп және колледж түлектері үшін “Ашық есік күні” өтті.
Он шақты мектептен және Алматы полиграфия колледжінен жалпы саны 80-ге жуық талапкерлер келді.
Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы “Баспа ісі”, “Дизайн”, “Медиадизайн” және “Цифрлы медиа драматургиясы” мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, болашақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар факультеттің белсенді студенттері өздерінің оқу барысы мен студенттік өмірі жайлы сыр шертіп, өнерлерін паш етті.
Кездесу соңында талапкерлермен сұрақ-жауап форматында еркін әңгіме айтылды.
Басқа жаңалықтар

30 наурыз, 2025

28 наурыз, 2025

28 наурыз, 2025