- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақтың сыршыл ақын қыздары Жазира Ахметова және Мергүл Асылхановамен шығармашылық кездесу өтті.
Қазақтың сыршыл ақын қыздары Жазира Ахметова және Мергүл Асылхановамен шығармашылық кездесу өтті.

4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында 2025 жылғы 13 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Филология» факультеті «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен Жазира Ахметова және Мергүл Асылхановамен «Аруларға жарасады еркелік...» атты шығармашылық кездесуі өтті. Кеш ұйымдастырушыларының бірі ақын, журналист Айгүл Айдарбекова кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылар мен студенттерге сәттілік тіледі.
Шығармашылық кездесу барысында ақындардың шығармашылық шеберлігі, ақын лабораториясы, өлең тақырыбын таңдау мәселесі, поэзия жанрының ерекшелігі секілді маңызды да қызықты тақырыптар туралы баяндалды. Тербеліп ән айтылды, толғанып өлең оқылды, ақындардың жақұт жырлары талданды. Кеш қонағы болған Мергүл Асылханованың жолдасы ақын, әнші Елдос Амандос көпшілікке әсем ән шашуын арнады. Студенттер және кездесу қонақтары ақындарға ақын болудың қыр-сыры туралы түрлі сұрақтар қойып, ақын мен оқырман ретінде еркін сұхбаттасты.
Ісшараны ұйымдастыруға «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттары Серікжанова Маржан, Абделдаева Айдана, Ақгүл Айдарбекова, Калыбеккызы Самал, Зиядабек Нұрасыл атсалысты. Кездесу соңында ақындар студенттерге шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді. Ақын мен жас оқырман арасында өткен шығармашылық кездесу әрі еркін сұхбат нәтижесінде студенттер шығарма жазу, қаламгерлік шеберлік, шығармашылық үдеріс туралы тың ақпарат алды.
Кеш соңы оқырмандар мен ұйымдастырушылардың А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана меңгерушісі Балаубаева Айнұр Мұратқызына алғыс білдіруімен аяқталды.
Бұл кеш бұрыңғы кештен өзгеше. Себебі аталмыш ісшара студенттердің рухани құндылықтар жүйесін тануына, әсемдік пен даналықты адам мінезінде қалыптастыруға себепші болады деп санаймыз.
Басқа жаңалықтар

