Урбоэкология тұрақты дамудың 11-ші мақсатын іске асыру құралы ретіндеFarabi University

Урбоэкология тұрақты дамудың 11-ші мақсатын іске асыру құралы ретінде

14 наурыз, 2025

14 наурыз 2025 жылы география және табиғатты пайдалану факультетінің 19-зоология аудиториясында ғылыми-оқыту іс-шарасы өтті. «Урбаэкологияның теориялық негіздері» тақырыбындағы ашық талқылау сабағын «8D05205 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» мамандығының докторанты Әлимұратқызы Айтолқын «6B05202 – Экология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Адам және қалалар экологиясы» пәні бойынша өткізді.

Бұл ашық сабақ қазіргі таңда әлемдік деңгейде өзекті болып отырған 11-ші Тұрақты даму мақсаты – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» қағидаларына негізделді.

Қалаларда халық санының артуы, көлік инфрақұрылымының дамуы, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға алып келеді. Осыған байланысты, урбаэкология саласы тұрақты даму мақсаттарына жетуде маңызды рөл атқарады. Өткізілген ашық сабақ экология саласында білім алып жатқан студенттерге, болашақ мамандар ретінде қалалардың тұрақты дамуына үлес қосу қажеттігін ұғынуға мүмкіндік берді.