«Аруларға жарасады еркелік» тақырыбында ақындармен кездесуFarabi University

«Аруларға жарасады еркелік» тақырыбында ақындармен кездесу

13 наурыз, 2025

 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында 2025 жылғы 13 наурызда А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Жазира Ахметова және Мергул Асылхановамен «Аруларға жарасады еркелік...» атты шығармашылық кездесу өтті. Аталмыш іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатова, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова, сондай-ақ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психол.ғ.к. Н.С. Жұбаназарованың жетекшілігімен «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары  ұйымдастырды.Кеш ұйымдастырушыларының бірі ақын, журналист Айгүл Айдарбекова кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылар мен студенттерге сәттілік тіледі.

Шығармашылық кездесу барысында ақындардың шығармашылық шеберлігі, ақын лабораториясы, өлең тақырыбын таңдау мәселесі, поэзия жанрының ерекшелігі секілді маңызды да қызықты тақырыптар туралы баяндалды. Тербеліп ән айтылды, толғанып өлең оқылды, ақындардың жақұт жырлары талданды. Кеш қонағы болған Мергүл Асылханованың жолдасы ақын, әнші Елдос Амандос көпшілікке әсем ән шашуын арнады. Студенттер және кездесу қонақтары ақындарға ақын болудың қыр-сыры туралы түрлі сұрақтар қойып, ақын мен оқырман ретінде еркін сұхбаттасты.

Шығармашылық кездесу барысында ақындардың шығармашылық шеберлігі, ақын лабораториясы, өлең тақырыбын таңдау мәселесі, поэзияның жанрының ерекшелігі секілді маңызды да қызықты тақырыптар туралы баяндады. Тербеліп ән айтылды, толғанып өлең оқылды,ақындардың жақұт жырлары талданды.Кеш қонағы болған Мергул Асылханованың жолдасы ақын,әнші Елдос Амандос көпшілікке әсем ән шашуын арнады.Студенттер және кездесу қонақтары ақындарға ақын болудың қыр-сыры туралы түрлі сұрақтар қойып, ақын мен оқырман ретінде еркін сұхбаттасты.

Педагогикалық тәжірибе аясында өткен бұл кешті ұйымдастыруға «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанттары Серікжанова Маржан, Абделдаева Айдана,Ақгүл Айдарбекова, Калыбеккызы Самал, Зиядабек Нұрасыл атсалысты. Ақындар студенттерге шығармашылық табыс тілеп, алғыс білдірді. Ақын мен жас оқырман арасында өткен шығармашылық кездесу әрі еркін сұхбат нәтижесінде студенттер шығарма жазу, қаламгерлік шеберлік, шығармашылық үдеріс туралы тың ақпарат алды.Кеш соңы оқырмандар мен ұйымдастырушылардың А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана меңгерушісі Балаубаева Айнұр Мұратқызына алғыс білдіруімен аяқталды.

Бұл кеш бұрыңғы кештен өзгеше.Себебі аталмыш ісшара студенттердің рухани құндылықтар жүйесін тануына, әсемдік пен даналықты  адам мінезінде қалыптастыруға себепші болады деп санаймыз.