14 наурыз «Көрісу күні» – «Амал мерекесі»

2025 жылдың 14 наурыз күні «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Асанова Б.С. және «7М03206-Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен 14 наурыз «Көрісу күні» – «Амал мерекесі» күніне арнап дөңгелек үстел өткізілді.
14 наурыз «Көрісу күні» – «Амал мерекесі» – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Бұл күн жыл сайын 14 наурызда аталып өтеді және әсіресе Қазақстанның батыс өңірлерінде кеңінен тойланады. Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр. Кейбір зерттеушілер бұл дәстүрдің тамыры көне түркі дәуірінен бастау алады деп болжайды.
Бұл күннің бір ерекшелігі – қазақ қоғамындағы үлкенге құрмет көрсету дәстүрінің жарқын көрінісі болуында. Кіші жастағы адамдар ауылдың, отбасының, әулеттің үлкендеріне арнайы барып, сәлем беріп, батасын алады. Бұл – тек әдептіліктің ғана емес, халықтың мызғымас салт-дәстүрінің белгісі.
Ежелгі сенімдер бойынша, Көрісу күні амандасып, қол алысқан жандарға жаңа жылда жақсылық еселеніп келеді екен.
Бұл күні жасы кішілер ата-аналар мен ақсақалдардың батасын алуға тырысқан. Өйткені қариялардың берген батасы – өмірдің мәні мен бағыты деп есептелінген.
«Көрісу күні»–«Амал мерекесі» тек өткеннің сарқыншағы емес, бұл – қазақ халқының бүгінгі және болашақтағы маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл күн – мейірімділік, достық, бауырмалдық мерекесі.
«Көрісу күні»–«Амал мерекесі» – халқымыздың бауырмалдық қасиетін айқындайтын, қазақтың ұлттық бірегейлігін көрсететін ерекше мереке. Бұл тек өткеннің сарқыншағы емес, қазіргі заманға сай жанданып келе жатқан салт-дәстүр.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрін дәріптеу, ұрпақ санасына сіңіру. Бұл шара білім алушылар арасындағы сыйластықты, бірлікті нығайтуға және «Көрісу күні» – «Амал мерекесінің» маңызын тереңінен түсіндіріп, ұлттық құндылықтарымыз бен әлеуметтік қарым-қатынасты күшейту арқылы салт-дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау.
Дөңгелек үстелге тарих факультетінің деканы
Д.С. Байгунаков, дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі
Р.С. Мырзабекова және кафедраның профессор-оқытушы құрамы, Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының 1 курс магистранттары мен 2 курс студенттері қатысты.
14 наурыз – Көрісу күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел танымдық видеомен басталып, қазақ халқының ұмыт қалған құндылықтарын жаңғыртуға арналды. Шара барысында қатысушылар «Мақалды жалғастыр» және «Салт-дәстүрді таны» сынды ұлттық ойындарға қатысып, ата-баба мұрасын дәріптеді. Дәстүрді жаңғырту барысында шараға қатысушылар бір-бірімен жылы шыраймен төс қағыстырып, ұлттық тағамдардан дәм татып, кеш «Қазақтай ел қайда?» әсерлі әнімен қорытындыланды. Кеш соңында тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы және дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Мырзабекова Рыскелді Саламатқызының жүрекжарды алғыстарымен аяқталды.
Бұл шара – ұлттық бірлігіміз бен жарқын болашағымыздың айқын көрінісі болды.
Басқа жаңалықтар

