Бүгін Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтуде. 2025 жылғы 14 наурыз

2022 жылы елімізде Ұлттық құрылтай құрылды. Ұлттық құрылтайдың негізгі мақсаты қоғамдық топтастыруды одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды әзірлеу болып табылатынын атап өткен жөн. Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:
- қоғамдық шоғырландыруды дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
- жұртшылық, Саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету.
Биыл 14 наурызда Ақмола облысының Бурабай қаласында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтуде. Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары Ұлытау облысында, Түркістанда және Атырауда өтті.
"Ғылым және білім" жұмыс секциясының отырысында сөз сөйлеген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.К. Түймебаев Қазақстандағы ғылымның дамуына ерекше назар аударды. Біздің елімізде барлық салада ғылымды дамыту үшін жағдайлар жасалуда. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң қабылданды, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы құрылды, ғалымдар мен ғылыми ұйымдарды материалдық ынталандыру енгізілді. Талантты, қабілетті жастарға үнемі қолдау көрсету қажет.
Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық шоғырлануын одан әрі дамыту жөніндегі идеяларды әзірлеу және бағыттарды айқындау үшін құрылған.
Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстарын алған мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайға хабарлайды.
Ибраева А. С. – заң ғылымдарының докторы, профессор
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
#Ұлттық құрылтай #Бурабай #ЖаңаҚазақстан #Ғылым #әл-Фараби ат.ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар

