Көрісу амандықтың белгісі!Farabi University

Көрісу амандықтың белгісі!

17 наурыз, 2025

Жыл басы Әз -Наурыз мейрамын«Наурызнама» негізінде қарсы алу дәстүрге айналуда, яғни 14-23 наурыз аралығы ерекше мереке күндері аталынып өтіледі. Наурызнама - бұл мереке бірнеше күнге созылған Ұлы дала дәстүрлерінің жаңғыруы.

Алғашқы күні- Көрісу  немесе Амал мерекесі  — ежелгі дәстүрлі мереке.

«Көрісу күні, яғни адамдардың бір-бірімен қауышуы». Бұл күні адамдар ерте тұрып, жасы үлкен кісілерге сәлем береді, бір-біріне «Жасыңыз құтты болсын!», «Жасыңызға жас қосылып, ғұмырыңыз ұзақ болғай!» деп тілек білдіреді. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін дастарханға шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.