«Цифрлық экономика дәуіріндегі геодезияның жаңа көкжиектері» тақырыбындағы дөңгелек үстелFarabi University

«Цифрлық экономика дәуіріндегі геодезияның жаңа көкжиектері» тақырыбындағы дөңгелек үстел

6 наурыз, 2025

2025 жылғы 6 наурызда «Цифрлық экономика дәуіріндегі геодезияның жаңа көкжиектері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны Картография және геоинформатика кафедрасының доценттері Мурсалимова Э.А. және Аукажиева Ж.М. ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел кафедраның Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жоспары аясында өтті, атап айтқанда «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: тұрақты инфрақұрылым құру, инклюзивті және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға ықпал ету» мақсатына негізделді.

Гибридті форматта (онлайн және офлайн) өткен дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, сондай-ақ «Геодезия және картография» және «Геоинформатика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Шақырылған спикерлер:

• Нұртазина А.Т. – HERE Technologies халықаралық компаниясының директоры;

• Қабдулова Г.А. – «Ионосфера институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының кандидаты;

• Рахимова А.Д. – «KazAeroSpace» ЖШС коммерциялық директоры;

• Оразбаев Қ.Т. – Алматы облысы индустриялық аймақтарын басқарушы компания бөлімінің басшысы;

• Үтесбаев Алмат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Мемлекеттік ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер институты (ГИСХАГИ)» РМК сараптама басқармасының бас сарапшысы.

Дөңгелек үстел барысында:

«Геодезия және картография», «Геоинформатика» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері геодезия, картография және геоинформатика саласындағы озық технологиялар туралы баяндамалар жасады.

Қатысушыларға заманауи цифрлық технологиялар және олардың Қазақстанның цифрлық экономикасын қалыптастырудағы рөлі туралы бейнероликтер көрсетілді.

Әлемдік цифрлық шешімдер трендтері талқыланды:

• Еңбек нарығында үлкен деректер аналитикасын қолдану;

• Ақылды үй инфрақұрылымын жобалау;

• Геодеректерді өңдеуде жасанды интеллектіні енгізу.

Қорытынды:

Дөңгелек үстел аясында жүлделі орындар ойнатылды. Қазылар алқасының төрағасы Нұртазина А.Т. жеңімпаздарға дипломдар, сондай-ақ сувенирлер, свитшоттар және басқа да жүлделер табыстады. Барлық қатысушы студенттерге сертификаттар берілді.

Дөңгелек үстел саладағы жаңа кәсіби байланыстарды қалыптастыруға, білім алмасуға және геодезия мен геоинформатика саласының даму перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.