- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЗҰУ-ДА ЖАПОНИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЖОО-ЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ҚАЗҰУ-ДА ЖАПОНИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЖОО-ЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде аға оқытушылар С.К. Боранкулова және Ә.М. Нурелованың жетекшілігімен қысқы мектеп бағдарламасы негізінде күншығыс елінен келген жапон университеттерінің студенттерімен танысуға бағытталған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Шығыстану факультетіне қысқы мектеп бағдарламасы аясында Жапонияның ең үздік жоғары оқу орындары – Токио университеті, Цукуба университеті, София университеті мен Токио шет тілдері және т.б. ЖОО-лардан студенттер тобы келді. Олар 04.03.2025ж. – 28.03.2025ж. аралығында шығыстану факультетінде қысқы мектеп бағдарламасы аясында жергілікті оқытушылардан білім алып, үш апталық оқудан өте бастайды.
Шетелдік білімгерлер еліміздің тілі, дәстүрлері, тарихына қатысты дәрістер тыңдап қана қоймай, жапонтану бөлімінің студенттерімен спикинг клабтар, мәдени-танымдық іс-шаралар, түрлі жарыстар ұйымдастырады.
Демалыс күндері шетелдіктер үшін арнайы бағдарлама дайындалды. Олар кафедра студенттерімен бірге Алматы қаласындағы Орталық музейге, «Көктөбе» демалыс орнына, «Медеу» мұз айдынына, Шымбұлақ тау-шаңғы кешеніне, Шарын шатқалына саяхаттап баруы жоспарланып отыр.
Қиыр Шығыс кафедрасының
аға оқытушысы Тазабекова Г.Б.
Басқа жаңалықтар

