ҚАЗҰУ-ДА ЖАПОНИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЖОО-ЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН БІРГЕ СПИКИНГ КЛАБ ӨТУДЕFarabi University

ҚАЗҰУ-ДА ЖАПОНИЯНЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ЖОО-ЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН БІРГЕ СПИКИНГ КЛАБ ӨТУДЕ

14 наурыз, 2025

 05.03.2025ж. – 28.03.2025ж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде аға оқытушы Тазабекова Г.Б. жетекшілігімен қысқы мектеп бағдарламасы аясында күншығыс елінен келген жапон университеттерінің студенттерімен спикинг клабтар  ұйымдастырылуда. Шығыстану факультетіне қысқы мектеп бағдарламасы негізінде Жапонияның танымал жоғары оқу орындары  - Цукуба университеті, София университеті мен Токио шет тілдері және т.б. ЖОО-лардан студенттер тобы келді.

Сөйлеу клубтарында жергілікті білімгерлер мен жапон университеттерінің студенттері түрлі тақырыптарда диалогтар құрып, пікірталас жүргізеді, өмірдің әр түрлі салаларына қатысты ой алмасады, рөлдік ойындар ойнап, көңіл көтереді. Осындай спикинг клабтардың арқасында студенттер шет тілінде еркін сөйлеуге машықтанып, жаңа достар табуға мүмкіндік алады.

Қиыр Шығыс кафедрасының

аға оқытушысы Тазабекова Г.Б.