
15 наурыз 2025 жылы, Қайырымдылық күні және Наурыздың жалпыұлттық онкүндігі аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.
📌 «Әділет» клубының мүшелері, 115 және 211 топ студенттері, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры Атаханова Г. М. жетекшілігімен қарттар үйіне барып, қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
🌿 Студенттер аға буынға қоғамның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде, қарттар студенттермен жылы әңгіме құрып, өз естеліктерімен бөлісті, жастардың қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.
🤲 Қайырымдылық күні – мейірімділік пен жанашырлықтың тек сөз жүзінде емес, күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керектігін еске салады.
📖 Қазақ халқы үшін қайырымдылық қашанда маңызды орын алып келген – бұл тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар рухани және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
Жақсылық жасау – ізгі дәстүрге айналсын! 🤝💖
Басқа жаңалықтар

