Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған іс-шара.Farabi University

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған іс-шара.

17 наурыз, 2025

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к.,ассоц.проф. М.К. Бисенова  2 курс студенттерімен мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде Қазақстан Республикасы орталық музейіне барып, ұлттық мәдениетпен салт-дәстүрлермен танысып, тарихи жәдігерлермен, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері туралы көбірек білуге тырысты. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалу және келер ұрпаққа жеткізу үшін осындай іс-шаралар өте маңызды, өйткені олар жастарға өз мәдениетін, тарихын бағалауға, оны құрметтеуге және насихаттауға көмектеседі.