Кешенді академиялық зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың халықаралық байқауыFarabi University

Кешенді академиялық зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың халықаралық байқауы

10 наурыз, 2025

«Мәдениеттану» мамандығының 2 курс студенті Уразаев Раим 2025 жылдың 10 наурызында Interclover жобасының (Ресей) бастамасымен өткен Кешенді академиялық зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Студентіміздің ғылыми жобасы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаздың ғылыми жетекшісі философия ғылымдарының докторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Жолдубаева Ажар Куанышбековна.