Мейірімділік күніFarabi University

Мейірімділік күні

15 наурыз, 2025

Мейірімділік күні

2025 жылғы 15 наурызда 112 және 124-топ студенттері оқытушылар Нұрбақытова Ж.Н. және Жайнак А.Е. бірге қарттар үйіне барды. Наурыз мерекесіне орай шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, сүйікті әндер мен өлеңдер орындалды. Қариялар студенттердің ықыласы мен қамқорлығына ерекше қуанып, ризашылықтарын білдірді. Студенттер оларға сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұл кездесу тек жылулық пен қамқорлық таныту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар студенттер үшін адамаралық қарым-қатынастың және қарт адамдарға қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінуге көмектескен маңызды сабақ болды.

#Наурыз2025#наурыз2025

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы