ТДМ 17 "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" Ә. Қастеева атындағы мұражайға баруFarabi University

ТДМ 17 "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" Ә. Қастеева атындағы мұражайға бару

16 наурыз, 2025

2025 жылдың 16 наурызыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары, заң ғылымдарының докторы, профессор Баймаханова Д.М., заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева А.С. және заң факультетінің 102 тобы студерттері Ә. Қастеев атындағы мұражайға барды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы 1976 жылы құрылды.  Қазақ КСР Халық суретшісі Ә.Қастеевтің (1904-1973 жж.) есімі 1984 ж. мұражайға берілді.

Қазіргі уақытта Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы еліміздегі ең ірі өнер мұражайы және бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы болып табылады. Мұражайда әртүрлі елдердің бай, алуан түрлі, баға жетпес коллекциясы бар.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы