"Шаңырақ күні"Farabi University

"Шаңырақ күні"

18 наурыз, 2025

18 наурыз  Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени  іс шаралардың бірі ретінде, заң факультетінің қылмыстық құқық. қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының  эдвайзері  М.Қ.Бисенова   2 курс студенттерімен Орталық мұражайға барды. Шаңырақ күні  студенттерге  жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейтіні атап өтілді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы түсіндірілді.