«Наурыз күні туған-туыстар мен достардың кездесуі: студенттер киіз үйде салт-дәстүрлерін көрсетті»Farabi University

«Наурыз күні туған-туыстар мен достардың кездесуі: студенттер киіз үйде салт-дәстүрлерін көрсетті»

18 наурыз, 2025

Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі саналатын Наурыз күні «Құқық қорғау органдары» бағдарламасының 3 курс студенттері киіз үйде көне мерекенің шырайын келтіріп, өз халқының салт-дәстүрін паш етті. Бұл іс-шара отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді құрметтеу маңыздылығының жарқын үлгісі болды.
Қазақтың қонақжайлылығының символы ретінде киіз үй бұл мерекелік шараның орталығына айналды. Іші дәстүрлі тұрмыстық бұйымдармен безендіріліп, ұлттық киім киген оқушылар Наурыз мейрамына байланысты әрбір ырым мен әдет-ғұрыптың мән-мағынасына тоқталды.
Бұл кездесу қазақ халқының тыныс-тіршілігіне қанық болып, өз халқының салт-дәстүрімен, тарихымен терең байланысын сезіне білген студенттер үшін тек мәдени шара ғана емес, тағылымды сәт болды.