Тазалық сақтау – әркімнің жауапкершілігіFarabi University

Тазалық сақтау – әркімнің жауапкершілігі

15 наурыз, 2025

2025 жылдың 15 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экология мен қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру мақсатында сенбілік өтті. Бұл іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының аясында ұйымдастырылды, атап айтқанда, ТДМ №3 – денсаулық сақтау және ТДМ №15 – құрлық экожүйелерін сақтау бағдарламаларына сәйкес болды.
Сенбілік кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А.Куаналиеваның ұйымдастыруымен өтті. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы белсене қатысты. Атап айтқанда, 1курс студенттері эдвайзерлер Б.М., Конысбайдың, Д.А. Бакировтың және С.М. Жапаковтың қатысуымен университет қалашығында тазалық жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздеріне бөлінген аумақты тазалап, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтті.