- Басты бет
- Жаңалықтар
- Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық тағамдар» қайырымдылық акциясы: Мәдени құндылықтарды сақтау және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық тағамдар» қайырымдылық акциясы: Мәдени құндылықтарды сақтау және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту
.png)
2025 жылғы 14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева және 104, 302 топ студенттерінің қатысуымен, куратор-эдвайзері PhD докторы Б.М. Конысбайдың ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған «Ұлттық тағамдар» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Бұл іс-шара ТДМ-12, 16-шы тұжырымдамаларымен тікелей байланысты, себебі ол мәдени әртүрлілікті сақтау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған әлеуметтік және мәдени бастамаларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – ұлттық тағамдарды насихаттау арқылы студенттер мен оқытушылар арасында мәдени құндылықтарды сақтау және дамыту, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті күшейту болды.
Қайырымдылық шарасы аясында түрлі дәстүрлі тағамдар ұсынылып, жиналған қаражат әлеуметтік әділеттілікті сақтауға және мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды. Бұл қайырымдылық бастамасы, өз кезегінде, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты даму принциптеріне сай әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға үлкен ықпал етті.
Іс-шара өзінің мақсатына толықтай қол жеткізіп, барлық қатысушыларға терең әсер қалдырды, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сақтаудың және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту арқылы тұрақты дамуға қолдау көрсетуге бағытталған ұтымды үлгі болды.
Басқа жаңалықтар
