Тез ойла, жылдам әрекет етFarabi University

Тез ойла, жылдам әрекет ет

15 наурыз, 2025

2025 жылғы 15 наурызда ТДМ БҰҰ №3 аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 108-тобында оқитын студенттер пейнтбол ойынына қатысты. Іс-шара кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуанәлиеваның және топ кураторы К.А. Бахманованың бастамасымен жүзеге асты.

Бұл іс-шара студенттердің командалық рухын нығайтуға, өзара қарым-қатынасты жақсартуға және спорттық белсенділікті арттыруға бағытталды. Пейнтбол ойыны тактикалық ойлау қабілетін дамытып, жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл ойын студенттердің бірігуіне, ынтымақтастығын арттыруға және бейресми жағдайда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.