Сән -салтанатты ұлттық киім күніFarabi University

Сән -салтанатты ұлттық киім күні

18 наурыз, 2025

     Бүгін біздің факультетте ерекше күн -  ұлттық киім күні! Бұл күннің мақсаты - ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық мұраны насихаттау және жастардың ұлттық сана-сезімін нығайту. 
     Қытайтану кафедрасының оқытушылары  мен студенттері де ұлттық киім кию күнін үлкен ықыласпен қабылдап, әрқайсысы қазақ халқының ұлттық киімін киіп келді. Қазақтың ою-өрнекті шапандары мен камзолдары, әсем орамалдары факультет дәліздеріне көрік беріп, мерекеге ерекше сән берді. Оқытушылардың ұлттық киім киіп, шараға ерекше ықыласпен қатысуы -олардың  дәстүрімізге деген құрметі. Бұл студенттеріміздің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. Бұл күн - өткенді ұмытпай, болашаққа ұлттық рухта қадам басуымыздың жарқын көрінісі!