Қытайтану кафедрасында магистратураға түсу мүмкіндіктері таныстырылды

18 наурыз күні қытайтану кафедрасының «Шығыстану», «Аударма ісі», «Шетел филолгиясы» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерімен магистратураға түсу мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - түлектерді жоғары білімнің келесі деңгейіне өтуге ынталандыру, магистратураның артықшылықтарын түсіндіру және қажетті кеңестер беру.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қойбақова Айжан магистратураның білім мен мансап жолындағы маңыздылығын атап өтіп, магистратураға түсу талаптары мен гранттық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Кездесуге қатысқан студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, магистратурада білім алып жатқан жастардың тәжірибесімен танысты. Шара соңында ол студенттерді өз білімдерін жетілдіруге және академиялық даму жолын жалғастыруға шақырды.
Бұл кездесу болашақ түлектерге маңызды шешім қабылдауға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби және академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.
Басқа жаңалықтар

