Қазақстандағы оқу қытайлық студенттің көзімен: Ван Сыюймен сұхбатFarabi University

Қазақстандағы оқу қытайлық студенттің көзімен: Ван Сыюймен сұхбат

18 наурыз, 2025

Біз ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында оқып жатқан шетелдік студенттермен сұхбаттастық. Соның бірі - Ван Сыюй. Жасы 23-те. ҚХР-дан келген. Қазіргі таңда «Аударма ісі» білім беру бағдарламасында 3 курста оқиды.

  • Неліктен ҚазҰУ-ды таңдадыңыз?
  • Өйткені бұл оқу орнының халықаралық рейтингі жоғары.
  • Университетке түсу кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
  • Аса қиындықтар болған жоқ, тек шақырту тым кеш берілді.
  • Шығыстану факультетінде оқудың қандай артықшылықтарын атап өтесіз?
  • Артықшылықтары көп. Оқытушылар қытай тілінде сөйлей алады.
  • Оқуыңызға көңіліңіз тола ма?
  • Иә, оқу үлкен қанағат әкеледі.
  • Қазақстандағы білім беру жүйесі мен сіздің еліңіздегі білім беру жүйесінің қандай айырмашылықтары бар?
  • Күнделікті өмір салты мен әлеуметтік әдеттерде кейбір айырмашылықтар бар.
  • Университеттің инфрақұрылымына (жатақхана, кітапхана, зертханалар) қанағаттанасыз ба?
  • Иә.
  • Сіз қазақ және орыс тілдерінде сөйлейсіз бе?
  • Мен тек орыс тілінде сөйлеймін және күнделікті өмірде орыс тілін қолданамын.
  • Университетте немесе қалада жергілікті студенттермен қарым-қатынас жасау қиын ба?
  • Қиын, өйткені орыс тілі қиын. Жаңа сөздерді есте сақтау және орыс фильмдерін көруде қиындықтар кездеседі.
  • Қазақстандағы өмірге бейімделу қаншалықты қиын немесе оңай болды?
  • Қиын болған жоқ.
  • Қазақ мәдениеті мен сіздің еліңіздегі мәдениеттің қандай айырмашылықтарын байқадыңыз?
  • Мұнда әлеуметтік мәдениет Қытайдан өзгеше.
  • Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

- Үйде боламын, кейде серуенге шығамын.

- Қазақстандағы өмір сүру құны сіздің еліңізбен салыстырғанда қандай?

-  Алматыда өмір сүру қымбат, Бейжіңге қарағанда баға жоғары. Мысалы, жалға алу ақысы, сондай-ақ көкөністер мен жемістер де қымбат.

- Қазақстанда оқу тәжірибеңізді басқа шетелдік студенттерге ұсынар ма едіңіз?

- Иә.

- Сұхбатыңызға рахмет!