ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжәнеBD

20.02.2025 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Шолпан Тлетайқызы өзінің “Интеллектуалды басқару жүйесі” мамандығының 22-01группасы 3 курс студенттерімен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер театрына "Қара шекпен" қойылымын тамашалауға барды. Театрға бару студенттерге жаңа шабыт, ерекше эмоция, ұмытылмас сәттер сыйлағанына сенімдемін.
«Қара шекпен» пьесаның авторы – Георгий Хугаев, қоюшы-режиссері – Асхат Маемиров. Мұнда төрт түлікті өсірумен айналысатын Шопаннан басқа кейіпкерлердің барлығы жан-жануарлар. Тұзар есімді төбеттің айналасында өтетін оқиға кейіпкерлері – қасқыр, қоян, түлкі, есек, қарға, қой және басқалар. Тұзар есімді иттің өз иесіне адалдығын көрсететін қойылым адами қасиеттерге құрылған. Жанкештілікпен еңбек еткен ит образы арқылы махаббат пен достық, адалдық пен сатқындық сынды қарама-қарсы қасиеттер спектакльдің түпкі идеясы болып табылады... Бұл қойылымның ертегіден бір-ақ айырмашылығы – спектаклдін соңы. Бұл ертегінің нүктесі адалдықты қадірлей алмаған Шопанның қолынан қаза тапқан Тұзардың қазасымен қойылды. Г.Хугаев пьеса соңын осылай аяқтау арқылы бүгінгі күннің ащы шындығын көрсетуге ұмтылған. Қожайынның қолы қалтырамастан итті ата салуы біздің құлдық санамыздың, соқыр адалдығымыздың берген сыйы. Қойылым бізді жан-жағымыздағы адамдарға деген жылы ілтипатымыздың жоқ екенін көзге шыққан сүйелдей көрсету арқылы өмір шындығын меңзеп, жақсылыққа жол бастауды көздеген. Қазіргі кезде сенің күш-қуатың тасып тұрғанда керексің, кейін ешбір қиналмастан лақтырып тастауға дайын қожайындардың заманындағы Тұзарлардың құрбандығының керек емес екенінің бір дәлелі. Сондықтан да қойылымның шымылдығы жабылған сәтте «Адам баласы адалдықтың тамырына неге балта шапты?» – деген сұрақ туындайды...
Ұйымдастырушы:Кафедра аға куратор-эдвайзер: Тлетай Шолпан Тлетайқызы.
Басқа жаңалықтар

