ЭТНИКАЛЫҚ ТЕҢДІК: ҰЛТТЫҚ КИІМ – БІРЛІКТІҢ СИМВОЛЫFarabi University

ЭТНИКАЛЫҚ ТЕҢДІК: ҰЛТТЫҚ КИІМ – БІРЛІКТІҢ СИМВОЛЫ

18 наурыз, 2025

18 наурыз «Ұлттық киім күні» құрметіне әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, т.ғ.к. Құтжан А.Н. факультет студенттерімен бірлесіп, "Этникалық теңдік: ұлттық киім – бірліктің символы" атты ашық-тәрбие сағатын өткізді. Тұрақты дамудың 10-мақсаты (теңсіздікті азайту) аясында түрлі халықтардың ұлттық киімдеріне құрмет көрсетілді. Шараға қазақ мәдениетінің өкілдері ғана емес, түркімен студенттері де қатысып, өздерінің ұлттық киімдерінің қасиеті мен өзіндік ерекшелігін паш етті. Ал қатысушылар ұлттық киімнің өзгешеліктерін, оның символдық мәні мен халықтар тарихындағы маңызы туралы білді.

Іс-шара мәдени әртүрлілікті, өзара түсіністік пен әртүрлі этностардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды нығайтуға ықпал етті.

Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DHV7iC5gZ4J/?igsh=c3poZTdpanJ2YXI4