Профессор Хомпыш Хонабек Гент университетінде пост-докторантураны аяқтадыFarabi University

Профессор Хомпыш Хонабек Гент университетінде пост-докторантураны аяқтады

26 ақпан, 2025

2024 жылдың 25 ақпаны мен 2025 жылдың 25 ақпаны аралығында физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика кафедрасының профессоры Хомпыш Хонатбек «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Гент университетінде (Гент, Бельгия) пост-докторантураны аяқтады. Осы бағдарлама аясында профессор Майкл Ружанскийдің жетекшілігімен Ghent Analysis & PDE орталығында жұмыс істеді. Ғылыми тағылымдамадан өту барысында математикалық талдау және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер саласында маңызды нәтижелер алынды, бұл болашақ зерттеулер үшін жаңа перспективалар ашатыны сөзсіз.

"500 ғалым" бағдарламасы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 9 «Инновациялар және инфрақұрылым» қол жеткізуді қолдайды. Ғылыми әлеуетті дамыту және зерттеушілердің халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялануы білім беру үдерістерін жетілдіруге және озық технологияларды жасауға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қоғамның дамуына оң әсерін тигізеді.

Университетімізге оралған профессор Хомпыш Хонатбек өзінің білімі мен жинақтаған тәжірибесін студенттері мен әріптестерімен бөлісуге дайын. Оның ғылыми жетістіктері мен жаңа әдіс-тәсілдері білім беру бағдарламасын байытып, студенттердің дайындық деңгейін арттырып, жалпы математика кафедрасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Иманбердиев Канжарбек,

Математика кафедрасының меңгерушісі

Мухамбеткалиев Мурат,

Математика кафедрасының оқытушысы