Механика каыедрасының оқытушылары біліктілікті арттыру курсын өтті

Механика кафедрасының оқытушылары 03-17 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған “Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметтерінің тиімділігін арттыруда цифрлық құралдарды пайдалану” курсын 72 академиялық сағат көлемінде толық тыңдады.
Курс барысында оқытушылар заманауи цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіріп, ғылыми-зерттеу қызметін оңтайландыруға арналған түрлі онлайн платформалармен, білім беру процесінде интерактивті құралдарды тиімді пайдалану әдістерімен танысты. Сондай-ақ, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интеллектті қолдану, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу және қашықтықтан оқыту жүйелерін дамыту бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Бұл курс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) бірнеше бағытымен тығыз байланысты. Атап айтқанда:
• №4 Тұрақты даму мақсаты (Сапалы білім) – цифрлық құралдарды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді;
• №9 Тұрақты даму мақсаты (Индустрия, инновация және инфрақұрылым) – жаңа технологияларды білім беру мен ғылымға енгізу арқылы инновациялық даму мүмкіндіктерін кеңейтеді;
• №17 Тұрақты даму мақсаты (Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік) – халықаралық тәжірибе алмасу және цифрлық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Курс соңында қатысушылар қорытынды сынақ тапсырып, біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды. Бұл оқыту бағдарламасы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім беру процесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Ахметова Балжан Ибрагимқызы,
ҒИҚ және ХБ жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары
Басқа жаңалықтар


