Тарих факультетінде Көрісу күні: ұлттық дәстүрге құрмет

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясында, 2025 жылдың 14 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің оқытушы құрамының ұйымдастыруымен Көрісу (Амал мерекесі) өтті.
Аталмыш шараға факультет деканы, т.ғ.д., профессор Д.С. Байгунаков, Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушылары Ж.М. Арынов, Е.Н. Ноянов, сондай-ақ деканат қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Факультет деканы Д.С. Байгунаков өз сөзінде Көрісу мерекесінің қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі екенін, Наурыз мейрамының бастауы саналатынын атап өтті. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, қыстан аман шығуымен және жаңа жылдың келуімен құттықтайды. Ұзақ уақыт көрмеген жандар кездесіп, саулық тілеп, өкпе-реніштерін кешіреді, ескі жылды ұмытып, жаңа жылға жақсы үміттермен қадам басады. Декан сонымен қатар еліміздің ұлттық мұрасына деген құрметімізді арттырудың және оны келесі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын баса айтты.
#ҚазҰУ #ТарихФакультеті #Көрісу #АмалМерекесі #ҰлттықДәстүр #Наурыз #ТұрақтыДамуМақсаттары
Басқа жаңалықтар


