Көшбасшылық дәріс: «Адамның даму формуласы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына орай «40 іс-шара» аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11 наурызында кіші залда «Адамның даму формуласы» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында ұйымдастырылып, оған Жоғары Оқу Орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары және тыңдаушылар қатысты. Бұл шараның мақсаты - адамзат өзін-өзі тереңірек түсініп, қоғамдағы ролі мен жетістіктерін саралау.
Дәрісті Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика кафедрасының аға оқытушысы, тренер Байконыс Ануар Жарылқасынұлы жүргізді. Тыңдаушыларға адамның ой-өрісін дамыту жолдарын айтты. Даму үшін қайсарлық, табандылықтың маңызы зор екенін түсіндірді. Өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, ғылымдағы орны туралы қызықты деректер талқыланды.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірнеше бағытына сәйкес ұйымдастырылды. Сапалы білім беру мақсатына сай, дәріс «Адамның даму формуласы» арқылы білім алушылардың ой-санасын қалыптастыруға бағытталды (ТДМ 4). Дәріс барысында ірі компаниялардың өзі кезінде кішкентай нәрсемен бастап, табандылық пен дисциплина арқасында, жауапты тұтыну және өндіріс (ТДМ 12) арқылы мол нәтижеге жеткенін кеңінен айтып баяндап берді. Тұрақты даму үшін серіктестік (ТДМ 17) маңызды екені айтылды. Ең бірінші адам даму үшін жақсы денсаулық және әл-ауқат (ТДМ 3) мықты болуы керектігін айтты. Сонымен қатар, тұрақты қалалар және елді мекендерді дамытуға байланысты адамдардың ой-өрісі, іс-әрекетінің маңыздылығы атап өтілді (ТДМ 11). Әрбір адам лайықты жұмыс және экономикалық өсу (ТДМ 8) үшін аянбай еңбек ету қажеттігі айтылды. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар бағыты аясында ұлттық бірегейлікті сақтау, адами ой-сананы нығайту қажеттілігі баса айтылды (ТДМ 16).
Дәріс соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты. Адамның даму формуласын зерттеудің маңыздылығын атап өтіп, осындай көшбасшылық дәріс және ғылыми кездесулердің қажеттілігі туралы ой бөлісті. Мұндай шаралар тыңдаушылардың ой-өрісін қалыптастыруға, мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

